Коллаж: polisia.kz
Полиция қызметкерлері 12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, іздеуде жүрген адам ЖШС директоры бола отырып, 2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге көлемінде ақша иеленген. Алайда мал қорымын салу бойынша жұмыс орындалмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін ол қашып кеткен.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген іздеуде жүрген азаматты анықтап, ұстады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!