Фото: Sputnik / Алексей Филиппов
Sputnik. Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады.
«Оперативті қызметкерлердің анықтауы бойынша «гастрольдік квартет» атанған топ ШҚО-дан Семей қаласына 19 желтоқсанда келген. Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 миллион теңгеден астам қаржының мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар», – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі қатысушы пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашқан, ал қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған.Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!