Фото: elements.envato.com

Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр. Агенттік мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ, қаражат аудармауға шақырамыз», – делінген хабарламада. 

Мұндай деректер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!