Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақыны аударамыз деп аттарына несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен су тасқынынан зардап шеккендерге әлдекім қоңырау шалғанын мәлімдеді. Бөрлі аудандық полициясына осыған қатысты шағым түсіпті. Шабуыл жасаушылар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырып, SMS арқылы келген құпиякодты айтуды сұрайды.

“Алаяқтар код жазуды сұрайды, оның көмегімен кейіннен екінші деңгейлі банктерге несие рәсімдейді. Мұндай фактілер республикамыздың бірнеше облыстарында белгілі болды. Олардың айлаларына түсіп қалмаңыздар. SMS кодтарын айтпаңыз немесе белгісіз нөмірлерден келген бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз”, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!