Фото: freepik
Zakon.kz. Алдаудың тағы бір жаңа схемасы пайда болды. Бұл жолы алаяқтар «Жасанды интеллектіні» пайдаланып, адамдарды алдауға көшіпті.
Жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңға жуық кибералаяқтық оқиғасы тіркелген.
Блогер Хәкім Мукарам Instagram желісінде бейнежазба жариялап, онда оқырмандарын сілтемеге өтуге шақырды. Сол арқылы адамдарға ақшалай сыйлықтар беретінін хабарлайды. Артынша, блогер өзінің жеке парақшасына әлдекімдер бұзып кіргенін және ол видеода өзі емес екенін айтып, оқырмандарына үндеу жолдады. Бұл — алаяқтардың әрекеті болып шыққан.
«Менің Instagram парақшамды бұзып кірді. Алаяқтар өз жобаларын жүргізуде, алданып қалмаңыздар, профильдегі сілтемеге өтпеңіздер. Түсініксіз сайт. Осыны біліңіз. Полицияға арыз жазып қойдым.»Хәкім Мукарам, блогер
Хәкім секілді блогерлер атынан жарияланған бейнежазбаларға сеніп, қалтасынан қағылған жұрт жоқ емес. Жасанды интеллект — Нейрондық желілермен дауыстық генераторларды пайдаланып, тіпті адамның келбетін видеоға қоя алады. Жасанды не шын екенін айыру қиын. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, бүгінде дәл осындай бірнеше жағдай тіркелген, деп жазады qazaqstan.tv.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!