Фото: egemen.kz
Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған. Күдіктілер Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде «Хюндай» автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1 мың 212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!