Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов
Алматыда 27 қылмыс ізін суытпай ашылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 10 мамырда алдыңғы саптағы және жедел полиция бөлімшелері ізін суытпай 27 қылмыстың, сондай-ақ, бұрын жасалған 14 қылмыстың бетін ашты.
Полицейлер 724 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.
«25 ұсақ бұзақылық, 102 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 68 тыныштықты бұзу, 52 кәмелетке толмағандардың кеш уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруі, 154 тіркеусіз тұру және т.б. Сондай-ақ, қала жолдарында мас күйінде көлік айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды», – деп жазылған хабарламада.
Жергілікті полиция жол қозғалысы ережелері сақталмағанын анықтау бойынша жұмысқа баса назар аударылғанын хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!