Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы базарларында рэкетпен айналысқандарды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы мен өңір базарларында кәсіпкерлерден «қамқорлық жағаны» үшін ақшалай қаражат бопсалайтын қылмыстық топ жұмыс істейтіні туралы ақпарат келіп түскен.

Зардап шеккендердің бірі, Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне 13 мамырда Қарасай ауданында бір топ адам күш қолданып, 3,5 миллион теңге сомасында ақшасын иемденгенін айтты.

«25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, өңір прокуратурасының үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап, ұстады», – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Дулат Қайырбаев.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!