Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда қыркүйекте 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Террорлық акт жасағысы келген шетелдік азаматтар қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды. Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

террорлық акт жасамақ болған

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!