Фото: ratel.kz

Halyq Uni. Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, өзіне қол салды, деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

WhatsApp желісінде «14 шағын аудандағы Halyk Bank ғимаратында 1981 жылы туған инкассатор 10 млн теңге ұрлады. Кейін ол ғимараттың жертөлесінде жасырынып, табельдік қарудан басына оқ атты» деген ақпарат жарияланды. Бұл деректі полиция растады.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді, – деп жазылған хабарламада.

«Halyk Инкассация» ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордың өз-өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «Halyk Инкассацияда» жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жария етуден бас тартады.

«Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!