Фото: Pixabay
34 жастағы Астана тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп оның ақкөңілділігін пайдаланып, оның атынан алты несие рәсімдеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол банктерден мобильді банкинг арқылы екі несие алып үлгерсе, қалғанын шағын несие ұйымдарынан алған.
Анықталғандай күдікті көршісімен сенімді қарым-қатынаста болған және оның жұмыс іздеп жүргенін білген соң, ол оған көмектеспек болған сыңай танытқан.
Сөйтіп көршісінің жеке деректерін иемденіп алған күдікті жалпы сомасы 4 миллион теңгеге онлайн несие алған.
Қазір Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындады.
Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!