Фото: Polisia.kz
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тонау жасады деген күдікпен 48 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
«Тергеу барысында белгілі болғаны, әйел оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің біріне келген. Аулада ойнап, үйіне кіріп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көріп, ол соңынан еріп барған. Баланың артынша пәтерге кіріп, су беруін өтінген. Үйде ересектердің жоғына көз жеткізген қаскүнем, жатын бөлмеге кіріп, сөреден бағалы тастары бар алтын бұйымдарды сөмкесіне салып алған. Кәмелетке толмаған бала тонаушыны тоқтатпақшы болған, алайда әйел қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1,5 млн теңгеге жуық соманы құраған. Ұрланған бұйымдарды ломбардқа өткізген», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!