Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған күдіктіге тағылған айыптар тізімі кеңейтіліп, тағы бір бап қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы, “екі немесе одан да көп адамды өлтіру” және “адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық” баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
“Атырау облысының полиция департаменті адам өлтіру, сондай-ақ олардың мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, оған қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік сотқа дейінгі тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады, алайда ресми жауапта күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне қандай құқықтық баға берілетіні айтылмаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
