43 жастағы қала тұрғыны су тасқынына қарсы бөгет салу жұмыстарына топырақ әкелетін КамАЗ жүк көлігіне жанармай алу үшін алаяққа 100 мың теңге көлемінде ақша аударып алданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайық сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық әрекетіне барған 33 жастағы күдіктіні ұстады. 

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, оған қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!