9 наурызда Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптыны қатыгездікпен өлтірді деген күдіктілер Индонезиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Басылымның дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, бұған дейін Индонезияда ұсталған күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді.
Басылым мәліметінше, олар 9 наурызда Алматыдан ұшып келген.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
