Видеодан алынған кадр

Маусымның 28-інен 29-на қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу еніп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жасар облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!