Фото: Sputnik / Санат Имангалиев

Sputnik. Мәжіліс есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Өзгерістер мен толықтыруларды депутаттар президенттің есірткі заттарын өндіруге жауапкершілікті барынша күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатымен ұсынды.

Жаңа нормалар есірткіні «жасау» және «өндіру» ұғымдарын нақты ажыратып, соңғысының негізгі белгілері жасырын есірткі зертханаларына тән «сериялық» болады. Есірткіні заңсыз өндіру өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға әкеп соғатын есірткі қылмыстарының аса қауіпті түрлеріне теңестіріледі.

Атап айтқанда, есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу және сату мақсатымен өндіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 297-1-бап ретінде енгізіледі. Бұл бапқа сәйкес, есірткі өндіру үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!