Фото: istockphoto.com

Астанада алаяқ жиһаз жасаушы Instagram-да парақша ашып, өзіне тиесілі емес жиһаз фотоларын жариялаған. Жалған хабарламалар арқылы 20 тұрғыннан 8,4 млн теңге ақша алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында жұбайының атынан жеке кәсіпкерлік ашып, жиһаз құрастыру үшін өндірістік үй-жайды жалға алған.

«Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасап, тапсырыс берушілердің үйіне келіп, өзіне тиесілі емес басқа жұмыстардың фотосуреттерін көрсетіп, жәбірленушілерді алдаған. Тиісті өлшеулер жүргізіп, жеке кәсіпкер атынан шарт жасасып, жәбірленушілерден тапсырыс сомасының 70% мөлшерінде алдын-ала төлем алып отырған. Осындай тәсілмен 20 жәбірленушіге 8,4 млн теңге көлемінде шығын келтірілген», – деп хабарлады прокуратура.

Сот талқылауында ол кінәсін мойындамады. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен ол бірнеше рет жасаған алаяқтық үшін 4 жыл бас бостандығынан айырылды. Кінәліден жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!