фото: Halyq Uni
ҚР ІІМ белгісіз нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеуге кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе де жеткілікті, деп мәлімдеді stopfake.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық схема жайлы айтып берді.
Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Олар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берсеңіз, бұл жайында 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу айтыңыз, – деді баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!