Қазақстандық Азамат есімді ер адам өзіне әлдекімнің атынан қомақты сома түскенін айтады. Алайда белгісіз ер адам оған 500 мың теңгені қайта аудару керек деп банктің қосымшасы арқылы сұраныс жібереді. Азамат бұл алаяқтардың ісі деп күдіктеніп, банк менеджерінен көмек сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азамат өзіне қате ақша аударымы түскенін және жіберген адам күмәнді көрінгенін айтады.
«Kaspi-ді сирек пайдаланамын, бірақ тексеріп көрдім. Расында, одан аударым және кері қайтару сұранысы бар екен. Жағдай шынайы көрінеді, бірақ қазір алаяқтар өте айлакер жұмыс істейді. Сондықтан шындық пен алаяқтықты ажырату қиын. Біріншіден, аударым жасауға тиіс болған нөмір менің нөмірімнен мүлдем өзгеше. Екіншіден, аударымнан кейін маған WhatsApp арқылы жазып, ақшаны басқа нөмірге жіберуімді сұрады. Үшіншіден, оған банктен мәселені шешуді сұрағанда, әлдебіреу қала сыртында екенін айтып, түрлі сылтау айтты. Сондықтан сол адамға банкке барып, қате аударым бойынша ресми өтініш жазуын ұсындым. Бірақ ол бірден сылтаулар айта бастады. «Алматыдан 40 шақырым қашықтамын, жеткенше банк жабылып қалады» деп сылтауратты. Бәрінің құжат жүзінде рәсімделуі үшін осылай істедім», – деді Азамат.
Ер адам кейін Kaspi банк менеджерімен сөйлесіп, кеңес алғанын жазды. Менеджер Гүлназ ер адамның ақпараты қауіпсіздік бөліміне жіберілетінін айтады.
«Аударымды тексереміз. Сіз бәрін дұрыс істедіңіз. Клиентке банк бөлімшесінде көмек көрсете алады. Сізге Kaspi.kz-тен соманы қайтару туралы сұраныс келеді. Өздігінен аударым жасауды ұсынбаймыз», – деді банк қызметкері Гүлназ.
Азамат таңертең жіберушіге жазған, оның жауабын күткен. Сонымен қатар ер адам бұл оқиғаның күдікті көрінген тұстарын талдап берді.
«Ол бірден ақшаны басқа нөмірге аударуды сұрады. Бұл – алаяқтардың классикалық схемасы: олар ақшаны шығару үшін кездейсоқ адамдарды (дроптарды) пайдаланады. Егер алаяқтар ұсталып қалса, сіз де сыбайлас ретінде күдікке ілінуіңіз мүмкін», – деді ер адам.
Азаматтың сөзінше, алаяқ бірден оған өз нөмірінен жазбаған. Азамат алғашқы хабарлама басқа нөмірден келгенін, ал өз нөмірінен тек мен бірінші нөмірді бұғаттағаннан кейін ғана жазғанын айтты.
Фото: Азаматтың желідегі парақшасынан
«Менің нөмірім мен жіберушінің нөмірінде 5 сан айырмашылығы бар. Егер бір сан ғана айырмашылығы болса, мұны кездейсоқ қате деп есептеуге болар еді. Бірақ 5 сан деген күмәнді. 500 мың теңгені аудару кезінде қателесесіз бе? Әрі бірден 5 цифрда? Оның үстіне, аударым кезінде әртүрлі есімдер шығып тұрады. Егер бұл алаяқтар болса да, мен банкке ресми түрде өтініш жазамын, осылайша олар бұл соманы бұғаттай алады. Бұл болашақта мені сыбайлас ретінде айыптаудан қорғай алады», –деді Азамат.
Азамат осы оқиғадан басқа адамдар сабақ алып, мұқият болуы керек екенін айтады. Қазақстандық ер адам сотта да кез келген операция үшін клиенттің өзі жауапты екенін айтады.
“Есепшот ашқан кезде, сіз автоматты түрде осы шартқа келісесіз. Қазір менде бар дәлелдер:
Банктің қауіпсіздік қызметкерімен ресми әңгіме (автоматты түрде жазылады).
Kaspi қосымшасындағы банк менеджерімен ресми хат алмасу.
Жіберушінің өз қолымен толтырған, қол қойылған өтініші, онда аударымның қателесіп жасалғаны көрсетілген.
Адамдардың 70%-ы қаржылай сауатсыз. Ашулы комментаторлар эмоцияға беріледі, ал эмоцияға берілетіндерді басқару оңай. Алаяқтар – мықты психологтар, олар әлсіз тұстарыңызды жылдам тауып, соған қысым жасайды. Мұндай жағдайда асығыс шешім қабылдауға болмайтынын түсінеді. Барлығы заң аясында, қосымша сақтандырумен және құжаттық дәлелдермен жүзеге асуға тиіс», – деді ер адам.
Осылайша, Азамат мұндай дәлелдер жиынтығымен кез келген сот өзінің жағында болатынын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!