Фото: Istock
Сақтандыру компаниялары Қазақстанда қандай автокөліктер жиі ұрланатынын айтып берді. Биылғы жылдың бір тоқсанының өзінде елде 300-ге жуық көлік ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, олар көлікті гаражда немесе бейнебақылау камерасы бар көлік тұрағында қалдыруға және есік пен терезелерді ашық қалдырмауға кеңес береді. Себебі ұрлықтың көбі көлік иелерінің ұқыпсыздығынан болады.
Айта кетейік, 2024 жылға арналған қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-орынға ие болды. Елдің индексі – 45,9, яғни орташа деңгей.
2024 жылы қылмыс деңгейі бойынша ең қауіпті елдер Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан болса, ең қауіпсіз елдер Андорра, БАӘ және Катар болды.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Қырғызстан, Беларусь және Украинада жоғары. Ал Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей және Молдовада жағдай жақсырақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!