Фото: Pixabay.com

Өскемен тұрғыны алаяқтық жолмен достарының атына бірнеше несие рәсімдеген. Іс бойынша келтірілген материалдық шығын бір миллион теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көктемде үш адамға түрлі микроқаржы ұйымдарынан несиені мерзімінде төлемегені туралы хабарламалар келе бастаған. Олар аталған ұйымдардан несие алмағандықтан, полицияға жүгінген.

Зардап шеккендер оларды досы алдағанын түсінді. Себебі ол екеуіне онлайн-казинодағы ұтысын қолма-қол ақшаға айналдырып беруін өтінген. Ал бір қызға несие алуға көндіріп, тез арада несиені жауып беретінін айтқан. Сөйтсе оның атынан бір емес, бес несие алыпты. Бірақ ешқандай несиені төлемеген.

Жәбірленушінің үшеуі де танысына сеніп, қажетті биометрикадан өтуге өз еркімен келіскендерін түсіндірді. Алаяқ осыны пайдаланып, миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Оың аты-жөні, тегі мен тұрғылықты жері белгілі болғандықтан, жігіт қамауға алынды.

Алаяқтық ісі бойынша сот маусым да өткен. Қаскөй үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар ол өзіне қарсы азаматтық талап-арыз түсірген екі жәбірленушінің шығынын толық өтеуі тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!