SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kaspi Bank су тасқынына байланысты қорға аударған 620 миллион теңгенің жымқырылғанын мәлімдеді.
BAQ.KZ мәліметінше, 2024 жылдың басында Қазақстанда жаппай су тасқыны басталған. Осыған байланысты 5 сәуірде «Bizbirgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Перизат Қайрат атынан Kaspi Bank-ке зардап шеккендерге көмек көрсету туралы ресми хат жолданған.
2024 жылғы 5 сәуірде Перизат Қайраттың атынан 120 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсету туралы алғашқы хат келді. Кейін 8 сәуірде тағы бір хат түсті – бұл жолы 500 миллион теңге сұралған, – деді Кісембаев сотта.
Оның сөзінше, екі хатты қарап шыққаннан кейін банктің басшылығы халыққа көмек көрсету мақсатында жалпы 620 миллион теңгені ForteBank арқылы қорға аудару жөнінде шешім қабылдаған.
Кейін 1 шілдеде Kaspi Bank-ке Перизат Қайраттың атынан алғыс хаты келіп түсті. Хатқа қор атқарған жұмыстар бойынша есеп қоса тіркелген. Алайда тергеу барысында бұл есепте көрсетілген шығындар мен іс-шаралардың басым бөлігі расталмаған, – деді банк өкілі. Kaspi Bank бұл сома бойынша толықтай қайтаруды талап етіп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!