2025 жылғы алғашқы 3 айда елдегі қылмыс деңгейі 5,8%-ға төмендеген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Берік Асылов мынадай бағыттар бойынша қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін айтты:

  • ұрлық 29,3%-ға;
  • бұзақылық 32,6%-ға;
  • мал ұрлығы 27,6%-ға;
  • онша ауыр емес қылмыстар 11,9%-ға төмендеді.
  • аса ауыр қылмыстар екі есеге азайған.

Бас прокурор кейбір өңірлерде қылмыс деңгейі өскенін жеткізді.

«Шымкент қаласында 25,8%-ға; Жамбыл облысында 21%-ға; Ұлытау облысында 13,6%-ға; Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа деңгейде өскені байқалады. Бұл өңірлерде ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, нақты бағытталған жұмысты жүргізу қажет», – деді ол.  

Мәліметке сүйенсек, алаяқтық 3,9%-ға төмендеген, жалпы келтірілген залал 41,4 млрд теңге болған, бұл былтырмен салыстырғанда екі есеге азайған (2024 жылы 93,7 млрд теңге болды).

«Оның ішінде 11,7 млрд теңге өтелді, бұл іс жүзінде былтырғы деңгейге сәйкес келеді. Залалды өтеу бойынша жұмыс күшейтіледі», – деді Берік Асылов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!