Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы мен Астанада Қаржы министрлігінің қызметкерлері ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар алдау арқылы кәсіпкерге көмектескен сыңай танытып, 68 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденіп алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың сөзінше, арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

«Олар кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратты алып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілінді. Алдағы уақытта бұл мәселені шешу сылтауымен оны 68 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат иеленді, оның ішінде Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыспен әшкереленді», – деді Данияр Бигайдаров Антикордағы брифингте.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, үй қамағына алынды. Басқа лауазымды тұлғалардың қылмыстық құқықбұзушылыққа қатыстылығы тексеріледі. Тергеу жалғасуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!