Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Ш. адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.

«Атап айтқанда, Ш. соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта адам саудасы дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!