Алматының Алмалы аудандық сотында әлеуметтік желілерде «қазақтың Робин Гуды» деген атпен танымал «Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сариевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталып отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2 қазанда сотта жәбірленуші Тоғжан Дүйсенбаева сөз сөйледі. Ол Ілияс Сариевті әлеуметтік желілерде ұзақ уақыттан бері бақылап жүргенін және былтыр жазда оны дәмханада кездейсоқ кездестіргенін айтты.
«Оған барып, күйеуіммен ажырасып, баспанасыз үш баламен қалғанымды айттым. Өмір бойы интернатта тұрдым, қолдаушым жоқ. Оның адамдарға көмектесетінін білетінімді айттым және қолдау сұрадым. Ол маған көмектесуге уәде беріп, бірден 200 мың теңге табыстады», – деді Дүйсенбаева.
Біраз уақыттан кейін Ілияс Сариев әйелмен байланысқа шыққан. Тоғжан Дүйсенбаеваның айтуынша, ол ауыр науқас екенін, Түркияда емделетінін жеткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!