Полицияның жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде, сондай-ақ бейнебақылау камерасының көмегімен құны 2 миллион теңге болатын асыл тұқымды жылқы қылмыс жасалғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда-ақ иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
23 желтоқсан күні Қарабалық кентінің тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам шаруашылық қора-жайға заңсыз кіріп, 6 жастағы сұр түсті асыл тұқымды айғырды жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 2 миллион теңгеге бағаланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған жылқы заңды иесіне қайтарылды.
Полицейлер мал ұрлығының құрбаны болмас үшін келесі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: малды міндетті түрде таңбалаңыз, жануарларды қараусыз қалдырмаңыз. Жылқыны бақташының бақылауында ұстаған жөн, сондай-ақ мүмкіндігінше үйлердің аулалары мен шаруашылық құрылыстарына бейнебақылау камераларын орнатыңыз.
Ең бастысы мал жоғалған жағдайда полицияға неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, оны тауып, иесіне қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!