KAZINFORM – Қызылорда облысында Елай қызметтік иттің көмегім қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық деректері анықталып, жалпы салмағы 27 келі болатын есірткі заттары алынды.

Облыстық полиция бөлімшелерінде 20 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 12-і – облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталса, 7-і есірткі заттарын іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде бельгиялық овчарка Елай қызметтік итінің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды.

«Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданының тұсында Қызылорда облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі Азамат Пазылов күдік тұдырған автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында өзіне бекітілген Елай қызметтік-іздестіру итінің көмегімен автокөліктің жүк салғышынан жол сөмкесіне салынған 5 полиэтилен пакетке оралған есірткі заттары анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, ол марихуана екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен. https://kaz.inform.kz/news/kizilordada-elay-kizmettk-it-br-zhilda-esrtkge-katisti-72-kilmisti-aniktadi-130067/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!