Ол облыс орталығында тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Үйді тінту кезінде қапқа салынған кептірілген шөп тәріздес зат, тостағанда құйылған сұйық белгісіз зат, газ плитасы, шприцтер және басқа да айғақты зат тәркіленді.
Сараптама нәтижесімен тәркіленген зат 2 килограммға жуық кептірілген марихуана және 25,5 миллилитр апиын (опиум) психотроптық заты болып анықталды.
Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды – деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!