Қызылордада «синтетика» таратушыға үкім шығарылды.
Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 24 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды.
Жас жігіт ағымдағы жылдың ақпан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде қызылордалық полицейлермен ұсталды. Жүргізілген жедел шаралар басырында күдіктіден 13,53 гр психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Ұсталған жас жігіттің айтуы бойынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!