Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жазбалары мен үгіт-насихаты үшін сотталды.

«Тергеу барысында олар биыл ақпанда интернет ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы идеяларын айтқаны белгілі болды. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған», – делінген хабарламада.

Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінішін жеткізді.

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Заңды күшіне енген сот үкімімен олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелерін құқық қорғау және арнайы органдар ерекше бақылауда ұстайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!