Тексеру кезінде полицейлер «синтетика» салынған 50 орама тәркілеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, координатын мессенджерде хабарлап отырған.

Тексеру кезінде полицейлер олардан «синтетика» салынған 50 орама тауып, тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды, – делінген мәліметте.

Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!