Фото: видеодан алынған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар биылғы Рамазан айында ауызашар сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген.

Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігімен және 259-бабының 1-бөлігімен тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылымын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымға кіруге шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!