Фото: Polisia.kz

Шымкентте қала тұрғындарына күш көрсету арқылы ашық түрле ірі көлемде ақша тапқан үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Сондай-ақ «сендерді қорғап жүреміз» деп ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты.

«Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!