Фото: Видеодан скриншот/Марқұмның жақындарының жеке мұрағатынан
Танымал блогер жұбы Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан 21 жастағы Нұрайды өліміне күдікті Шерхан Аймаханның олардың туысы екенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мағжан Аймаханның айтуынша, ол оның әкесі жағынан немере інісі.
Бұған дейін желі қолданушылары олардың сыртқы келбеті мен тегінің ұқсастығына байланысты оларды туыс деп болжаған. Блогерлердің күдіктімен бірге түскен фотолары да желіде пайда болды.
«Иә, Шерхан – әкемнің кіші інісінің, біздің туысымыздың ұлы. Ешкім баласының қатыгез не зұлым болып өскенін қаламайды. Мұндай ой біздің ойымызға да кірмеді. Сондықтан бұл оқиға біз үшін ауыр соққы болды. Ешбір ата-ана қызының басқа біреудің қолынан қаза табуын қаламайды. Екі жақтың ата-аналары үшін де өте қиын жағдай. Біз мұны ешкімге тілемейміз», – деп мәлімдеді блогерлер.
Туыстық байланыстарына қарамастан, жұп күдіктіге әділ үкім күтетінін атап өтті.
«Сот процесі мен жазалауға келетін болсақ, біз бәрінің әділ және заңға сәйкес жүргізілуін қалаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, оған қанша жыл берілсе де, көңіл айту сөздері айтылса да, бұл Нұрайды қайтара алмайды. Сондықтан біз Аллаһтан жеңілдік беруін шын жүректен тілейміз және ата-анасына тағы да көңіл айтамыз», – деп атап өтті олар.
Сонымен қатар блогерлер тергеуге әсер етуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазір блогерлермен қарым-қатынастарына байланысты іс әділетсіз шешілуі мүмкін деген қауесеттер таралып жатыр. Керісінше, көпшілік назарында болған адамдар ретінде, отбасылық байланыстарына қарамастан, біз тек әділ жаза мен әділ сот шешімін қалаймыз. Сондықтан «Ол блогер» деп жала жабудың және айыптаудың ешқандай мәні жоқ. Біз, ең алдымен, Құдіретті Құдайдың жазасынан қорқамыз және болған оқиғаны ақтау ниетіміз жоқ. Бұл ерекше қатыгездікпен жасалған қылмыс», – деп қорытындылады олар.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмғаны туралы жазған едік. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Марқұм – студент Нұрай Серікбай. Оны 11 қаңтар күні кешке Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында пышақтап кеткен. Бейнежазба кадрларынан қыздың қашуға тырысқанын, кейін қарсылық көрсетіп, ал жігіттің оны ұрып-соғып, пышақ сұққанын көруге болады. Оқиғадан соң күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. Нұрай ата-анасымен бірге қылмыс болған жерге жақын орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Оның екі ағасы бар, өзі отбасының кенжесі болған.
Нұрайдың туыстары марқұмның бұған дейін күдіктінің үстінен полицияға шағымданғанын, алайда қызметкерлердің қыздың арызын қабылдамай қойғанын айтып, полицияны немқұрайлық танытты деп айыптады. Кейін іс ішкі істер министрлігінің бақылауына алынғаны айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!