Фото: Midjourney нейрожелісі
Теміртауда 63 жастағы зейнеткер шотындағы қомақты ақшаның жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зейнеткер мұны банктегі жинаған ақшасын тексерген кезде кездейсоқ байқаған.
«Әйел бейтаныс біреу оның шотынан 2 миллион теңге ұрлап кеткенін хабарлады (…) Ақшаның ұрланғанына он күн өтсе де, полиция күдіктіні тез арада анықтады – ол жасөспірім зейнеткердің немересі болып шықты», – делінген жазбада.
Жасөспірім істеген ісін мойындап, ұрланған соманың басым бөлігін жұмсап үлгергенін айтты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!