Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп, 200-ден астам адамды өзіне көлік алуға көндіріп, алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, аталған іс бойынша 232 жәбірленуші бар.

«Ер адам ай сайынғы төлемді өзі төлеймін деп, бейтаныс адамдарға көлік алуға несиесін рәсімдетіп, көліктерді алып, із-түзсіз жоғалып кеткен», – делінген хабарламада. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол осыған ұқсас қылмыстарды жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!