Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында мектеп директорын қызмет бабын пайдаланып ақша жымқырғаны үшін соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақтық соттың хабарлауынша, 2022 жылғы тамызда Балқаш ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып отырған айыпталушы сол мекемеге ұлын зертханашы қызметіне жұмысқа орналастырып қойған. Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 902 мың теңге көлемінде шығын келген. 

Айыпталушы кінәсін мойындаған. Сот оны кінәлі деп танып, келтірілген шығынды он есе етіп қайтару түріндегі айыппұл тағайындаған. Яғни, ол қазынаға 9 млн теңге қайтаруы керек. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында жұмыс істей алу құқығынан айырылды. 

Айыпталушы айыппұлды үкім заңды күшіне енген соң үш айдың ішінде төлеуге тиіс. Белгіленген уақытта айыппұл төленбеген жағдайда ол бас бостандығынан айырылу жазасына кесіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!