Фото: depositphotos.com
Прокуратура ұрлық дерегі азайып келе жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 11 айда ұрлық статистикасы 28,1 пайызға, 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген.
«Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727), ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298)», – деп жазылған хабарламада.
Қандай ұрлық түрі жиі кездеседі?
- Ұялы телефон ұрлығы 31,2 пайызға төмендеген (10 051-ден 6 919-ға дейін).
«Ұялы телефон ұрлығының ең көбі Алматыда (1 989) және Астанада (669), ең азы Ұлытау облысында (54)», – деп жазылған хабарламада.
- Көлік ұрлығы 46,1 пайызға, 256-дан 138-ге дейін төмендеген.
- Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыс 33,7 пайызға, 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеген.
- Мал ұрлығы бойынша 30,3 пайызға, 1 432-ден 998-ге дейін төмендеген.
«Мал ұрлығының ең көбі Алматы (194), Абай (126), Түркістан (114), Жетісу (97) облыстарында тіркелген», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!