Сурет: pxhere

Қостанайлық турагент 70 қазақстандықты 78 миллион теңгеге алдап кеткен. Ол төрт жылға сотталды. Алаяқ келіншекке екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкіміне сәйкес, турагент 2021 жылдың ортасынан бастап өзінің жеке кәсіпкерлігі арқылы келісім-шарттық қарым-қатынаста жұмыс істеп тұрған туроператорлардың турпакеттерін сатумен айналысқан.

«2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін ол турагенттің атын жамылып, азаматтарға туристік пакеттер ұсынды.Іс жүзінде ол Жапония, БАӘ, Түркия, Дубай, Египет, Таиланд, Вьетнам және басқа елдерге бару үшін төленген жәбірленушілердің ақшасын жымқырған», – делінген Жоғарғы соттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі мәлімдемесінде.

Іс бойынша жәбірленушілер туристік сапарларды алдын ала толық төлеген.

Ол азаматтардан алған қаражатын толығымен қалтасына басқан. Көптеген жәбірленушілер бұл туралы шындықты тек ұшып шыққан күні немесе әуежайда біліп жатқан.

«Кейбір жәбірленушілерге сенім білдіру үшін жалған турагент қайтарға билетін төлемей, тек бір жақтағы рейстер мен тұру ақысын төлеген.Түркияға келген бір отбасы олардың тұруы мен қайту рейсінің ақысы төленбегенін біліп қалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде екі азаматты алдап үлгерген, оның бірі сыныптасы.

*Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!