фото: polisia.kz
Жамбыл облысы Байзақ ауданында көліктен ұрлық жасаған тұрғын құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, 44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. Ол кейінірек автомобильдегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы 170 мың теңге.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!