Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Ұрылар 43 бас ірі қара малды шаруа қожалығы аумағынан ұрлағаны анықталды. Үш ер адамды тәртіп сақшылары қараусыз үйде ұстады.

«Полиция 28 бас ірі қараны, сойылған 15 малдың бөліктерін, сондай-ақ 6 пышақ пен 3 кесінді арқанды тапты», – делінген хабарламада.

Ұсталғандардың үшеуі де қамауға алынды. Тағы үш күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!