Тарихта кей күндер адамзаттың жадында мәңгі сақталып, әр елдің санасында түрлі оқиғамен байланыстырылады. 11 қыркүйек – сондай даталардың бірі. Бұл күнді айтқанда әлем жұртшылығы ең әуелі АҚШ-тағы қайғылы оқиғаны еске алады. Ал кейбір халықтар үшін 11 қыркүйек – жаңа жылдың басталуы, табиғаттың жаңаруы немесе діни мереке іспетті қастерлі күн. Қазақстан үшін де бұл дата белгілі бір тарихи, мәдени және қоғамдық мәнге ие. Әр жылы қыркүйектің осы күнінде елімізде де түрлі еске алу шаралары, мәдени оқиғалар мен қоғам назарын аударатын бастамалар өтеді. Сондықтан біз бүгін 11 қыркүйектің әлем елдеріндегі және Қазақстандағы ерекшеліктеріне шолу жасап, оның әр қырын қарастырып көрмекпіз.
Әлем халықтарының мерекелері
Мысырлық копт православ шіркеуі жаңа жылды 11 қыркүйекте (ескі күнтізбе бойынша 29 тамызда) атап өтеді. Бұл күнді олар «Наурыз» деп атайды. Атаудың өзі парсы тілінен енген, себебі көне дәуірде Египет парсы империясының ықпалында болған.
Эфиопия халқы да дәл осы кезеңде жаңа жылға қадам басады. Бұл мереке жауын-шашынның тоқтауымен, егін жинау науқанының басталуымен байланысты. Табиғат пен тіршіліктің жаңаруын бейнелейтін ерекше мейрам.
2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында болған лаңкестікоқиғалар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Сол қасіретті күнде қаза тапқан мыңдаған бейбіт тұрғындарды еске алу мақсатында АҚШ-та жыл сайын Патриоттар күні аталып өтеді.
1996 жылы Украина Президентінің Жарлығымен бекітілген мереке. Әр жылдың қыркүйек айының екінші сенбісінде кино өнерінің дамуына үлес қосқан шығармашылық өкілдер ұлықталады.
Бұл күн Ұлы ағартушы, Аргентина мемлекетінің бұрынғы президенті Доминго Фаустино Сармьентоның (1811-1888) өмірден өткен күніне байланысты бекітілген. Елде білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаны еске алу дәстүрге айналған.
11 қыркүйек: есте қалар оқиғалар
1883 жыл – Семей аймақтық мұражайы ашылды. Мұражайдың негізін саяси қуғын- сүргін көргендер қалаған. Абай Құнанбайұлы мұражайға барлық жасауымен киіз үй сыйға тартқан.
1931 жыл – «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Кейін атауы бірнеше рет өзгерді. Ұлы Отан соғысы жылдары ел қорғау ісіне ерекше үлес қосқан басылым бүгінде аптасына екі рет шығады.
1991 жыл – Қазақстанда Ғарыштық зерттеулер агенттігі құрылды.
1993 жыл – Атырау облысындағы Теңіз ауданының атауы Құрманғазы ауданы болып өзгертілді.
1997 жыл – Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери академиясы ашылды.
2007 жыл – «Шоқан Уәлиханов» желкенді кемесі дүниежүзілік теңіз саяхатына шықты. Сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай мерекелік медаль шығарылды.
2009 жыл – Павлодарда грек мәдениетінің «Эльпида достарын жинайды» атты фестивалі өтті.
Осылайша, 11 қыркүйек – әлем тарихында да, Қазақстан тағдырында да түрлі оқиғалар мен тағылымды сабақтарға толы күн.
Дайындаған А.МАРАТҚЫЗЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!