Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Ешбір жағдайда смартфонға немесе компьютер экранына қараңғыда телмірмеңіз: бұл көру қабілетіңізге кері әсер етеді. Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру – өзіңізді сыйламау және бағаламау.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарға ұсақ-түйекке бола ренжімеудің ең жақсы тәсілі – олардың өзіңізге қаншалықты қымбат екенін түсіну. Осыны есте сақтасаңыз, орынсыз реніштер сейіледі. Жеке өміріңізде бәрі ойдағыдай болады. Ең бастысы, серіктесіңізден күдіктенбеңіз, мазаламаңыз және жаман ойларға бой алдырмаңыз.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Балаңыз бүгін бір ерекше өтініш айтып, сізге жүгінуі мүмкін. Оның өтінішін орындауға тырысыңыз, бұл сіздердің арақатынасыңызға жақсы әсер етеді. Сүйікті адамыңызды өсек-аяңнан сақтаңыз, оған сенетініңізді көрсетіңіз және оған барлық жағынан қолдау көрсетіңіз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Ем алуға, дәрігерге көрінуге біршама шығын шығуы мүмкін. Уайымдамаңыз, жақында бәрі жақсы болады. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне өздерінің қастарына назар аударуды ұсынамыз: шебердің кішігірім түзетуінің өзі сіздің келбетіңізге оң өзгеріс әкелуі әбден мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Достармен әңгіме барысында өткір әлеуметтік мәселелерге қатысты өз пікіріңізді білдіру кезінде ұстамды болуға тырысыңыз. Ортақ пікірге келмей, жанжалдасуыңыз мүмкін. Егер сіз соңғы уақытта бірнеше келі салмақ қосып алсаңыз, уайымдамаңыз, зиянды тағамды рационыңыздан алып тастау арқылы артық салмақты оңай тастауға болады.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Гардеробыңызды тазартуға және қажетсіз ескі дүниелерден арылуға тамаша күн. Жақын адамдарыңызға деген ашу-ызаңызды басып, қарым-қатынасты бұзбаңыз. Жағымсыз эмоциялар отбасының ішкі мәселелері емес, сыртқы факторлардан туындайды.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Кешке дүкендерді аралап көріңіз, сауда сәтті болады. Бүгін жеке қарым-қатынасыңыздағы мәселе туралы достарыңызға айтпаңыз, қарым-қатынастағы қиындықтар туралы шағымданбаңыз: сіз жақын арада серіктесіңізбен татуласасыз, ал достарыңыз шағымдарыңыздан кейін оған бұрынғыдай қарай алмайды.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өз тәжірибелеріңізге мұқият болыңыз. Сізді не мазалағанын түсініңіз. Жеке мәселелерді шешіңіз, ішкі кедергілерді жеңіп шығыңыз. Бірден іске кірісуге тырысыңыз және оны кейінге қалдырмаңыз. Бүгінгі күн мәселелерді шешуге қолайлы болмақ. Бұл уақытты мүмкіндігінше өнімді және тиімді пайдаланыңыз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жұмыстағы корпоративтік кештерді назардан тыс қалдырмаңыз, бейресми жағдайда әріптестермен қарым-қатынас жасаудан көптеген жағымды эмоция алуыңыз мүмкін. Қазір қолданбай жүрген көйлегіңіз, костюмдеріңіз бен үстіге киетін киіміңізді химиялық тазалауға өткізіңіз. Кейін қажеті болып қалғанда оны тазалатып қойғаныңызға риза боласыз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бір күнді жаныңызға жақын адамдарға арнаңыз және ашуыңызға тиіп, мазаңызды қашыратын адамдардан сақтаныңыз. Олар психологиялық тұрғыдан сізге жағымсыз әсер қалдырып, материалдық зақым келтіруі мүмкін. Бүгін үйде күтім процедураларын жасауға қолайлы күн: тіпті қарапайым маска сізге керемет әсер етеді.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл – барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Бұл күн сіз үшін жемісті болады. Барлық жоспарланған жобаны, ұсыныстарды, идеяларды жүзеге асыруға асығыңыз. Бұл күннің ұраны – шегінбе және берілме. Бейтаныс адамдардан көмек күтіңіз. Белсенді және ынталы болыңыз, сонда табысқа жететініңіз сөзсіз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады. Кешкі астан кейін тәніңізге назар аударыңыз. Жеңіл тағамдар, спорттық жаттығулар, сауықтыру процедуралары пайдасын тигізеді.
Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!