іздеушілер үшін де романтикалық кездесулер жасауға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Көп нәрсені түсініп, ретке келтіру мүмкіндігі пайда болады. Өзіңізге сенімді және сабырлы болыңыз, жаңа бизнес бастаңыз, ауқымды жобаларды қолға алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Кез келген белгіге назар аударыңыз. Суық тигізіп алуыңыз ықтимал. Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жақсы досыңызбен кездесуді күтіңіз, онымен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, әр сәтті бағалаңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынас сенімге негізделгені дұрыс. Қазіргі күнге назар аударыңыз және жағымсыз ойларды тастаңыз. Жақында бәрі жақсы болады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Диета ұстағыңыз келсе – бүгін бұл үшін оңтайлы уақыт емес, зиянды тағамға қайта әуестеніп, өзіңізді сол үшін кінәлі сезінетін боласыз. Бүгін өзіңізге ұнайтын зат сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Киім не иіссу алуға болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін рационыңыздан ет пен алкогольді алып тастаңыз, кешке серуендеңіз. Ұйқыңыз жақсы болатыны сөзсіз. Егер бүгін достарыңыздың бірі сізге қатысты мысқылдайтын болса, сабырлық танытыңыз. Сіз әдептілік пен сыпайылыққа лайықсыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз қарым-қатынаста болсаңыз, жақын адамыңыздан тосын сый күтіңіз. Немесе өзіңіз тосынсый жасаңыз. Бүгін сізге достық парыз сезімі мен қалауыңыздың арасында таңдау жасауға тура келеді. Шешім қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!