Тоқты

Апта сәтті басталады. Егер асығыстық танытпасаңыз, ешқандай қателікке бой алдыр­майсыз. Сонымен қатар барлық мәселеде өзіңіз шешім қабылдаған жөн.

Торпақ

Қандай мәселе орын алса да, өз ақылыңызды тыңдаңыз. Сонымен қатар қаржылық мәселені бірыңғайлайсыз. Аптада өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз.

Егіз

Достарыңыздан хабар күтіңіз. Жақсы жаңалық болуы мүмкін. Десе де шешім қабылдағанда абай болыңыз. Барлық шаруаны орындау, мақсатқа жету оңайға соқпайды. Бірақ сіз еш берілмейсіз. Табандылықтың арқасында жетістікке жетесіз.

Шаян

Ештеңеге алаңдамаңыз. Көп күш жұмсамай-ақ біраз жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Сүйгеніңізбен бірге болыңыз. Ол өзін жалғыз сезініп жүр, қолдау көрсеткеніңіз жөн.

Тауешкі

Сабырлы болуға тырысыңыз. Кейде айна­ла­ңыздағы адамдар сізді әдейі ашуландыруы мүмкін. Сондықтан арандатушыларға ермеңіз. Жоспарды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға немесе жаңа кәсіп бастауға қолайлы сәт.

Арыстан

Адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Тіпті жақын адамдардың өзі сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Ойлау қабілеті терең жандар орын алған оқиғалардың соңы қалай аяқталатынын жақсы біледі.

Бикеш

Бұрын қолыңыздан келмеген шаруаларды аптада соңына дейін жеткізесіз. Іскерлік және жеке қарым-қатынасты қалыпқа келтіре аласыз. Барынша сабыр сақтай біліңіз. Егер шыдамсыздық танытсаңыз, көп қателік жіберуіңіз мүмкін.

Таразы

Ойланыңыз. Егер алдағы күндерге жоспар құрсаңыз, барлық жұмысыңыз алға басады. Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, барлығын дөңгелетесіз. Ұстаздар, кеңесшілер, саудагерлер және делдалдар үшін өте сәтті апта болмақ.

Сарышаян

Қызметте жолыңыз болады. Қалтаңыз да қалыңдайды. Аптада сәттілік серігіңіз болады. Соңғы уақытта сызат түскен қарым-қатынасты қайта қалыпқа келтіресіз.

Мерген

Апта жақсы басталады, уақытыңыз бекер өтпейді. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Аздаған қиындық болады, алайда алаңдауға негіз жоқ. Бәрі реттеледі.

Суқұйғыш

Қандай мәселе орын алса да, түйсігіңізді тыңдаңыз. Сонымен қатар қаржылық мәселені бірыңғайлайсыз. Аптада өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Жоспарларды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт.

Балық

Апта ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бір уақытта бірнеше жұмыс істеуге тура келеді. Оған еш ренжімейсіз. Бірақ назарыңызды бір жұмысқа аударғаныңыз дұрыс. Аптада достарыңызбен бас қосасыз, мерекелік кеш көп болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!