Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды сарапқа салыңыз, салмақтап өлшеңіз. Бәлкім, сіздің жақындағы әрекетіңіз дұрыс болмаған болар? Сол үшін кешірім сұрау да артық етпейді. Кез келген жағдайда сабыр сақтаңыз. Басты кілт – байсалды болу, ол көп нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Ешкімді сынамаңыз, басқалармен әзілдеспеңіз, бейтаныс адамдармен ашық сөйлеспеңіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Үтіксіз үтіктеу тәсілдерін (спрейдің көмегімен) байқап көріңіз. Бұл сіздің жұмысыңызды әжептәуір жеңілдетеді. Мүмкін болса, жауапты тапсырмаларды бір күнге ысырып қойыңыз. Бүгін сіз аздап алаңдауыңыз мүмкін. Міндетті түрде жұмыстан үзіліс жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызда жақын арада жақсы оқиға орын алады. Бұл жақсы оқиға жақындарыңыздың жетістігіне байланысты болуы да мүмкін. Сондықтан дайындалыңыз. Жұмыста еркін кесте бойынша қызмет атқарып жүрсеңіз, жұмысты ерте бастап, ертерек бітіруге тырысыңыз. Сол кезде бос уақытыңыз көбірек болатынын сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бұл күн махаббатыңыз туралы ашық айтатын, сыйлық сыйлап, сезімнің жетегінде жүретін күн. Сезімдеріңізді білдіруде батыл болыңыз. Дене жаттығулары денсаулыққа пайдалы болмақ, бірақ қатты кетпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәселелермен айналысыңыз. Егер сізге қызықты ұсыныс түссе, оны қабылдаңыз. Сіз басқалардың көңіл-күйі мен сезімдеріне ерекше сезімталдық танытасыз. Осының арқасында сіз кез келген адаммен жеңіл тіл табысып, достарыңызбен арадағы жанжалды шешуге көмектесе аласыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Ескі досыңызға көңіл бөліңіз: бірге түскен ескі суреттерді жіберіңіз, өткенді еске түсіріңіз және жаңалықтарды талқылаңыз. Уақытты жақсы өткізетініңіз анық. Күн қарбалас, оқиғаларға толы және қызықты болады. Толассыз тіршіліктен бос минутыңыз болмайды. Жоспардан тыс сапарлар болуы мүмкін, бірақ олар еш қиындық тудырмайды.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жақындарымыздың сенімі біз үшін ең қымбат нәрсе. Сізге ащы шындық айтылса да, барынша ұстамды болыңыз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне назар аударыңыз, олардың телефондарына «қауіп батырмасын» орнатыңыз. Бұл сіздің де олар үшін алаңдамауыңыз үшін қажет. Уақытыңызды үй шаруасына құртпаңыз, ертеңге қалдырыңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, серуендеп, сөйлесе алатын және үнсіз түсінісе алатын жанды шақырғаныңыз жөн.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Күн қиын болады, бірақ күш-жігер мен табандылық мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Қолайсыз жағдайда сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. Қалағаныңыздан бас тартпаңыз. Үйіңізге жақын жерден аяқ киім жөндейтін дүңгіршектер іздеңіз, жақын арада мұндай дүңгіршектер сізге қажет болып қалуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды. Алғашқы көмек көрсету курсына жазылыңыз: алған біліміңізді іс жүзінде қолдану мүмкіндігіңіз үлкен емес, бірақ білімнің болғаны жақсы.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Күніңіз жақсы өту үшін жақындарыңыздың кеңесін пайдаланыңыз. Кешке олармен демалып, уақыт өткізіңіз. Сүйіктіңізбен танысқан, кездесе бастаған күнді атап өту дәстүрі сізде болмаса, онда бұл дәстүрді жаңғыртатын уақыт келді. Бұл арақатынасыңызды нығайтады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сізге көңілін, уақытын бөліп, қолдау көрсетіп жүрген достарыңызға ашық түрде ризашылығыңызды білдіріңіз, олар сізге әрдайым қолдау көрсетуге міндетті деген ойдан арылыңыз. Егер сізге үйде немесе жаттығу залында жаттығуды бастау үшін белгі қажет болса – міне.

Ақпарат көздері: kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!