Фото: Almaty.tv
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Сондай-ақ жұлдыз жорамалға сүйеніп, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құра аласыз және жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз. Сонымен қатар күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге және сүйіктіңізге арналған бір дәстүр ойлап табыңыз. Бұл қарым-қатынастағы романтиканы арттырады. Бір күнді достармен уақыт өткізуге арнаңыз. Бүгін керемет жаңалықтар айтылып, идеялар пайда болады. Дауласудан қорықпаңыз. Жақын достарыңыз қашан да сізге қолдау көрсетеді.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңыздан көмек алудан тартынбаңыз, керісінше олар барынша көмек көрсетеді. Егер сіз ұзақ уақыт бойы спортпен айналысқыңыз келсе, бірақ жаттығу залына көп ақша жұмсап, жаттығуларды жіберіп алудан қорықсаңыз, көптеген спорт залында бірінші сабақ тегін екенін ұмытпаңыз. Сіз бірнеше жерге барып, өзіңізге ұнайтын жаттықтырушы мен жаттығу түрін таңдай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге немесе үйіңізге әдемі зат сатып алыңыз. Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Жақсы досыңызбен кездесуді күтіңіз, онымен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, әр сәтті бағалаңыз.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Жұбыңыз екеуіңіз тілектеріңізді бір қағазға жазып, бір-біріңізге тарту етіңіз. Бұл араны жақындастырады әрі кімнің нені қалайтынын осы хаттардан-ақ білуге болады. Үйіңізді маусымдық декормен сәндеп көрмеген болсаңыз, байқап көруге болады. Бұл сізге және отбасыңызға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Кешке компьютер мен смартфоннан өзіңізді аулақ ұстап, демалуды ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында шөп шай ішіңіз. Жақын адамдар сізге алға қойған міндеттеріңізді орындауға көмектеседі, олардан көмек сұраудан қорықпаңыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Басшылық әріптестеріңіздің біріне тәлімгер болуды ұсынуы мүмкін, дайын болыңыз. Бас тартпаңыз, бұл сіздің мансабыңызға жақсы әсер ететін жағымды тәжірибе болады. Бүгін достарыңызға ұсақ-түйекке бола шағымданып, мазасын алмаңыз. Олардың өміріндегі қиындықтар сіздікінен анағұрлым күрделі болуы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін. Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Егер сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сізге қажетті адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз. Ең жақсы суреттеріңізден коллаж жасап, бөлмеңізге іліп қойыңыз. Өміріңіздегі бақытты сәттер мен қымбат жандардан құралған суреттерді қараған сайын көңіл-күйіңіз де көтерілетін болады.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізбен арадағы құмарлық сезімін қайтару, романтикаға қайта бой алдыру мүмкіндігі зор. Достарыңызға тәуелді болмауға тырысыңыз: олардың өз өмірі бар, оларда сізбен сөйлесуге уақыт пен күш-жігер жеткіліксіз болуы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүкіл отбасымен табиғат аясында уақыт өткізіңіз, пикникке барыңыз. Күніңізді жоспарлауға уақыт бөліңіз. Өзіңізді көп жұмыспен жүктемеңіз. Бәрібір бұл күн нәтижелі болмайды. Жұмысқа ден қойып, ләззат алыңыз.
Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!