Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады.

Бөлінген лимиттер мөлшері:

  • «Евразиялық банк» АҚ – 10 миллиард теңге;
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ – 7,5 миллиард теңге.

Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.

«Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті – 8 миллирад теңге.

Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін банктер жеңілдетілген несие бойынша автокөлік сатып алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтағанын хабарланған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!